"Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ шектеулі шаруашылық қызмет аймағында ұлттық парк телімдерін ұзақ мерзімді пайдалануға және туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға рұқсат алуға тендерді келесі лоттар бойынша өткізеді:
№ 1 лот – Жантоғай қонақ үйі. Орналасқан жері - №1 телім, Жантоғай кордоны, Қапшағай орманшылығы, 23 квартал. Берілетін жер учаскесінің жалпы ауданы- 0,5 га.
№ 3 лот - қонақ үйлер нысаны. Орналасқан жері - №1 телім, Қапшағай су қоймасы жағалауы, Танбалытас бұрылысы, Қапшағай орманшылығы 23 квартал. Берілетін жер учаскесінің жалпы ауданы-1 га.
Тендерлік құжаттаманың көшірмесін мына мекен-жай бойынша алуға болады: индекс 041103, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылы, Маметова көш. нөмірсіз, "Алтынемел" МҰТП кеңсесі, 2 - қабат, экологиялық ағарту және туризм бөлімі.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2019 жылғы 16 қыркүйек сағат 18-00-ге дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу өтінімдерді қабылдау мекен-жайы бойынша 2019 жылғы 17 қыркүйек сағат 11-00-де жүзеге асырылады. Қосымша ақпарат: 8 (72840) 45-2-09, 8-707-804-81-49.