Байтурбаев Куат Нурахимович

Туған жылы:

1965 жылы 2 қаңтар

Туған жері:

Алматы облысы, Қарабұлақ ауылында туған.

Атқаратын лауазымы:

Бас директор

Жұмыс орны:

«Алтын – Емел» МҰТП

Білімі: 

1985-1990 жж. – Семей Зоотехникалық- мал дәрігерлік институтының ветеринарлық дәрігер мамандығын алды.

2010-2012 жж. – Қазақ Ұлттық Аграрлық Унивеситетінің орман шаруашылығы инженері мамандығын бітірді.

Өмірбаяны:

1990 ж. – Алматы облысы, Ескелді ауданының ҚР АШМ Аумақтық басқармасының инспекторы қызметінен бастады.

2000-2003 жж. – Алматы облысы, Ескелді ауданының ҚР АШМ Аумақтық басқармасының орынбасары қызметін атқарды.

2003-2009 жж. – Алматы облысы ҚР АШМ Оңтүстік – шығыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2009-2010 жж. – ҚР АШМ Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

2010-2011 жж. – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметін атқарды.

2011-2021 жж. - «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.

2021 жылдан бері   «Алтын - Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің  бас директоры.

 

Қосымша мәлімет:

2006 ж. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі кәсіптік біліктілігі және жоғарғы көрсеткіштері үшін «Үздік маман» дипломын алды.

2007 ж. Кохран бағдарламасы бойынша Америка Құрама штатында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары.

2014 ж. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі «Экология саласының үздігі» медальмен марапатталды.

2015 ж. «Аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2015 ж. - «Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 85 жыл» мерейтойлық алтын медалімен марапатталды.

2015 ж. - «Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі қызметі, елдің әлеуметтік -экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы.

2017 ж. – Құрмет атағы «Талғар ауданының құрметті азаматы»