Қату тауы – ежелгі жанартау атқылауынан пайда болған. Жанартаудан аққан ыстық лавалардың қату әсерінен бұл жерлерде әр түрлі формадағы тастар пайда болған. Сондай-ақ, бұл жерлердің рельефінің әр түрлілігіне байланысты таулар жасыл, қызғылт т.б түстерге боялған. Осындай ерекше жаратылыс тауға ерекше көрік беріп тұр. Бұл жерлерде су болмағандықтан тастардағы арқар, тауешкі, бұғы сондай-ақ үй жануарларының суреттеріне қарап, ежелде адамдар мекендегенін байқауға болады. Жартастардың арасында ежелгі жабайы адамдар тұрған үңгір бар. Үңгір қашалып, формасы айыр ағашқа ұқсатылған, соған қарап олар христиан болған деген тұжырым бар.