2017 жылы «Алтын-Емел» ұлттық паркі ЮНЕСКО биосфералық резерватының аймақтың «жасыл» әлеуметтік бағытталған экономикасының үлгісі ретінде халықаралық мәртебеге ие болды.
Екі жылдан астам уақыт ішінде ұлттық парк биорезерваттар бойынша іс-қимылын Лима жоспарының міндеттерін орындау және БҰҰ-ның тұрақты даму 16 Жаһандық мақсаттарына жету үшін жұмыс істеп келеді. Биосфералық резерват мәртебесі ұлттық парк пен жергілікті тұрғындар арасындағы тығыз байланысты және экологиялық таза экономикалық дамуға қатысуды білдіреді.
Ұлттық паркте жергілікті қоғамдастық пен МҰТП өкілдерінен құралған «Эко Даму» қоғамдық кеңесі жұмыс істейді, ол МҰТП-ның жұмыс жоспарларын, басқару жоспарларын әзірлеуге қатысады, семинарлар өткізеді, онда МҰТП-ның күші мен мүмкіндіктерін тарта отырып жергілікті халықтың проблемалары шешіледі.
Бұл ұлттық парктің биологиялық және ландшафт әртүрлілігін сақтау тұрғысынан экологиялық мүдделерін де, жергілікті тұрғындардың құқықтары мен қажеттіліктерін де ескереді.
МҰТП басшылығының ұжымымен және жергілікті тұрғындармен МҰТП-ның қорытындылары, мәселелері, даму келешегі туралы ашық түде жылдық есеп беру кездесулері өтеді.
Жергілікті тұрғындар экологиялық білім беру арқылы биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтауға, «Саябақтар шеруі» халықаралық экологиялық акциясы арқылы ауылдардағы және ұлттық парктегі экологиялық сенбіліктерге белсенді қатысады. Жергілікті халықтың қатысуымен Дүниежүзілік Жер күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, Наурыз, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Құрбан айт және басқа да мейрамдар бірлесіп өткізіледі.
Туристерге қызмет ету үшін жергілікті кәсіпкерлер дүкендер, қонақ үйлер ашуда, ұлттық парк қызмет көрсету үшін саябақтың телімдерін немесе туристік маршруттарды туристік мақсатта пайдалануға, экскурсия үшін аттарды пайдалануға, сувенирлерді, ұлттық тағамдарды шығаруға және сатуға, этно-ауылдар құруға мүмкіндік береді. Осылайша, ұлттық парк туристерге экожүйелік қызмет көрсету арқылы жергілікті халыққа пайда көрсетеді. 2019-2023 жылдарға арналған МҰТП-ның жаңа басқару жоспарын әзірлеу аясында жергілікті тұрғындар үшін мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, жерді пайдалану, су пайдалану, экологиялық басқарудың экологиялық жаңа балама түрлерін енгізу, шаруашылық қызметін экологиялық теңгерімді басқаруды үйрету, соның ішінде туризм мен рекреацияны дамыту бойынша семинарлар өткізу жоспарлануда.
Жас кадрларды тарту және кадрлық потенциалды қалыптастыру үшін МҰТП-де «Ашық есік күндері», мектеп оқушылары мен студенттермен кездесулер, визит орталық пен туристік маршруттарға ақысыз экскурсиялар, сыйлықтар мен ұтыстар ойнатылатын байқаулар, мектеп оқушылары мен парк қызметкерлері үшін экологиялық патрульдер құрылады, студенттер практикасы ұйымдастырылады. МҰТП бірнеше жыл бойы Алматы және Талдықорған қалаларындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті сияқты университеттермен әріптестік орнатып, сәтті жұмыс істеп келеді. Бұл жоғары оқу орындарының студенттері парк мамандарының жетекшілігімен МҰТП-ден ғылыми-өндірістік тәжірибеден өтіп, ғылыми мақалалар дайындайды және жариялайды. Ұлттық парк пен академиялық ғылыми-зерттеу мекемелері арасында - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ботаника институтымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Зоология институтымен тығыз ынтымақтастық орнатылды.
Биосфералық резерват ретінде «Алтын Емел» ұлттық паркі биологиялық әртүрлілікті сақтау және көбейту, қорғалған экожүйенің өзгеруін бақылау функцияларын орындайды.
Көптеген жылдар бойы сирек кездесетін жануарлардың - құлан мен қарақұйрықты сақтау және көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жануарлар ежелден саябақтың ерекшелігі болып саналады, өйткені паркте Қазақстан Республикасында бұл жануарлардың ең көп популяциясы бар, МҰТП-ден туристер оларды жақын жерден көре алады. Саябақта құлан популяциясының тұрақты өсуі байқалады, мысалы, 2012 жылдан бастап 7 жыл ішінде 2463 бастан бастап, құландар саны 1047 басқа өсіп, 2018 жылы 3510 басты құрады (өсім 30 пайызға жуық). Ұқсас өсу қарақұйрықтарда байқалады, олар үшін Іле алқабы –өз үйі болып саналады. 2018 жылдың қысында 4825 бас болды. МҰТП өз деңгейі бойынша «Алтын-Емел» МҰТП «Табиғи-аумақтық кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді зерттеу және оларды «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша саябақтағы климаттың өзгеруі бойынша зерттеулер жүргізеді.
Жабайы аңдардан басқа, паркте «Айғайқұм» табиғи ескерткіші (Қазақстанның 7 кереметінің бірі мәртебесін иеленген), Ақтау және Катутау таулары, «Бесшатыр қорғандары» сияқты ерекше табиғи және тарихи-мәдени нысандар бар. Олардың барлығы тек мәдени емес, сонымен қатар экономикалық құндылыққа ие, өйткені олар паркке көптеген туристерді тартады.
Ұлттық парктің аумағында БҰҰДБ-ның «Шөл экожүйелеріндегі қорғалатын табиғи аумақтардың тұрақтылығын жақсарту, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және айналасында биологиялық әртүрлілікке сәйкес тіршілікті қамтамасыз ету» жобасы сәтті жүзеге асырылды, нәтижесінде «Жетісу әлемі» заманауи визит орталығы ашылды, қашықтағы 4 кордон және 1 қонақ үй күн батареяларымен жабдықталған, 2 патрульдік көлік бөлінді, қарақұйрықтар тобының - көші-қон маршруттарын бақылауға арналған сирек кездесетін жануарларға спутниктік таңбалау жүргізілді (2015-2017 жж. AСБK –мен бірге), ұлттық парктің аумағынан Қазақстан Республикасындағы басқа тарихи жерлерге сирек кездесетін жануарлар- құландарды реинтродукциялау туралы биологиялық негіздеме жасалды, шамамен 1 миллион гектар жердә құрайтын «Қапшағай-Бақанас» экологиялық дәлізі құрылды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы әкімдігінің қаражатын тарту арқылы ЮНЕСКО-ның басымдықтарына сәйкес келетін ұлттық парк аумағында Қазақстандағы алғашқы геопарк құру жұмыстары жүргізілуде. МҰТП бас директоры Қ.О.Баядилов ЮНЕСКО-ның Геопарктар жөніндегі қазақстандық комитетінің мүшесі болып саналады.
Ұлттық парктің ЮНЕСКО биологиялық резерваттарының 15 отырысында 2018 жылы Лима іс-шаралар жоспары (2016) негізінде ұлттық парктің жүргізген жұмыстары туралы есеп ұсынылды. Кездесуден кейін ұлттық парк сарапшылар тобын құрып жергілікті тұрғындармен, кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу ұйымдастырып, табиғи және тарихи- мәдени нысандардың жағдайымен көріп, сапар соңында биорезерват қызметін жоғары бағалады.
ЮНЕСКО делегациясының, жергілікті тұрғындар мен «Алтын-Емел» МҰТП қызметкерлерінің кездесуі, «Алтын-Емел» МҰТП-ға ЮНЕСКО-ның биосфера аймағының халықаралық мәртебесін беру туралы куәлік ұсынуда.