«Алтын-Емелде» туристер көздерімен көрмеген орындардың айдары.
«Үңгірқора» үңгірін ұсына отырып, айдарымызды жалғастырамыз. Ұлттық паркте бірнеше үлкен үңгір бар, алайда ең үлкен Үңгірқора Сухое шатқалында орналасқан. Үңгірдің кіре берісіндегі биіктігі 20 метрге жетеді, кіре беріс үлкен алаң. Үңгірдің диаметрі 5 метірге жетеді, жартылай дөңгелек, шамамен, адамның қолымен өңделген . Үңгірде табылған ежелгі жануарлардың сүйектері туралы ғылыми хабар бар. Бірнеше онжылдықтар үңгірде ұшатын жарқанаттардың колониясы өмір сүрді, одан үңгірдің едені тезекпен қалың қабат болып қапталған. Қазақстандағы алғашқы адам қауымдық тұрақтарын іздеуде жүрген шетелдік ғалымдар Үңгірге қызығушылық танытуда.