Орналасқан орны, ауданы және қатынасу (қысқаша сипаттама).
Мемлекет |
Қазақстан Республикасы |
Облыс |
Алматы |
Аудан |
Кербұлақ және Панфилов |
Нысанның атауы |
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
Жалпы ауданы, га |
307 653 га |
Күзет аумағы, га |
Анықталуда |
Нысанның орналасуы |
Ұлттық парк Іле қазаншұңқырында орналасқан. Табиғи физика-географиялық аудандастыру бойынша Іле жартылай шөлейт облысының, Іле-Балқаш-Алакөл шөл ойпатының құрамына кіреді. «Алтынемел» МҰТП-ның солтүстік шекарасы жотаның оңтүстік-батыс сілемдері бойымен өтеді. Бұл тау массивтері (оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай) Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел. Қиыр батысы Шолақ тауы бөктері Іле өзенінің жайылмасына дейін созылып, оның батыс шекарасын құрайды. Шығыс шекарасы Іле өзеніне құятын Көктерек өзенінің жайылмасы арқылы өтеді. Оңтүстік шекарасын Қапшағай су қоймасының бір бөлігі және акватория суымен Іле өзенінің жайлмасы құрайды. |
Елді мекенге дейінгі қашықтық |
«Алтынемел» МҰТП-ның орталық кеңсесі Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округінің Басши ауылында орналасқан. Алматы қаласынан 250 км, аудан орталығы Сарыөзек кентінен 80 км, Жаркент қаласынан 120 км, облыс орталығы Талдықорған қаласынан 170 км қашықтықта орналасқан |
Қатынасу |
Асфалльтталған жол Басши ауылымен, Сарыөзек кентімен, Жаркент қаласымен байланыстырады. Басши ауылынан ұлттық парктің аумағын, туристік маршрут жолын 321 км қашықтықта топырақты жол желісі құрайды. |