«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Іле қазаншұнқырындағы құнды экожүйені және олардың биологиялық сан алуандығын сақтау, геоморфологиялық және палеонтологиялық нысандар және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау үшін құрылған. Ұлттық парктің ең негізгі міндеттері:
- Табиғи кешендерді, биологиялық сан алуандықты, эталонды және құнды аумақтарды, табиғи-мәдени ескерткіштерді сақтау;
- Биологиялық сан алуандықты сақтау үшін ғылыми әдістемелік тәсілін дайындау, табиғат жылнамасына сай экожүйеге және жеке табиғи нысандарға мониторинг жүргізу;
- Экологиялық ағарту жұмыстары және экологиялық саяхатшылықты дамыту;
- Табиғи ортаға залалын тигізбейтін шектеулі шаруашылықты ұйымдастыру және жүргізу.