Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы тәртіп ережелері

Жеке тұлғалардың парк аумағында туристік-рекреациялық мақсаттарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі №555 бекітілген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі

МҰТП территориясында ең негізгі болып табылатын ҚР салық заңдарыне сәйкес ғылыми, экологиялық-ағартушылық, саяхаттық, рекреациялық, шектеулі шаруашылық мақсаттарында парк территориясын пайдалануы үшін ақы төленгендігін растайтын құжат болу керек. Бұл құжат саяхатшы парк территориясынан шығып кеткенше сақталуы тиіс.

Жеке тұлғаларға МҰТП территориясында туристік-рекреациялық мақсатта болған жағдайда, қорғау ережелерін сақтай отырып, келесі жағдайларға РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ:

  1. Механикалық және автокөлікпен жалпы қолданылатын жолмен жүруге, экскурсиялық бағыттар бойынша арнайы жолдармен жүруіне, автотұрақ белгіленген жерлерге көлік қоюға;
  2. МҰТП әкімшілігінің келісімімен МҰТП арнайы туристік бағыттарына жол сілтеуші мамандар және гидтер қызмет көрсетуіне, экскурсиялар өткізуіне;
  3. Қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде, осыған арнайы бөлінген орындарда жабайы жемістер, жидектер, саңырауқұлақтар, дәрі-дәрмектік өсімдіктер, шөп шабу, отын дайындау және дәстүрлі табиғат пайдаланудың басқа түрлері;
  4. Табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша спорттық және экологиялық-ағарту іс-шараларын, туристік слеттер өткізу;
  5. МҰТП әкімшілігінің келісімі бойынша арнайы кәсіби және әуесқойлық фото-бейне түсірімдер жүргізу;
  6. Оқу практикаларын өткізу;
  7. Қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде оқу мақсаттары үшін гербарий жинау, топырақ үлгілерін іріктеу;

МҰТП территориясында тиым салынатындар:

  1. ЕҚТА-ны пайдалану үшін ақы төлегенін растайтын құжаттарсыз ЕҚТА-да болуға;
  2. Түнгі уақытта қызметтік көлікпен, жаяу, мото немесе автокөлікпен жүретін туристтер үшін ЕҚТА жүру және бекеттерден өтуге;
  3. ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдардан немесе арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристік маршруттардан тыс жерлерге келіп кіруге және олар арқылы жүріп өтуге;
  4. Белгіленген орындардан тыс жерлерге автокөлік және басқа да механикалық құралдар қоюға;
  5. Автокөлікті және басқа да механикалық құралдарды су айдындары жағалауына қоюға және жууға, ыдыс-аяқ жууға, кір жууға, үй жануарларын шомылдыруға;
  6. Су айдындарында, ЕҚТА-ны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын моторлы жүзу құралдарынан басқа, моторлы яхталардың, катерлердің, моторлы қайықтардың;
  7. Арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде тағам әзірлеу үшін от жағуға, мангал, ошақ орнатуға;
  8. Торлармен және басқа тыйым салынған құралдармен және жабдықтармен балық аулауға;
  9. Жабайы жануарларды алып қоюға, оларға зиян келтіруге, үркітуге және қоректендіруге;
  10. Ұяларды, індерді, апандарды және құмырсқа илеулерін бүлдіруге;
  11. Табиғат, тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін қиратуға және бүлдіруге;
  12. Рұқсат етілген жинау орындарынан тыс жерлерде жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін және дәрі-дәрмектік шикізат, жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинауға және қазып алуға;
  13. Көрнекі үгіт құралдарын (стенділер, паннолар, аншлагтар және басқалар, белгілерді), орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін қиратуға және бүлдіруге;
  14. Қоқыс тастауға, құрылыстарға, ағаштарға, тастарға және жартастарға жазулар жазуға және суреттер салуға;
  15. Өз бетімен мал жаюға, шөп жинауға, сүрек дайындауға және басқа да заңсыз орман пайдалануға;
  16. ҚР Үкіметі заңдарына бойынша кезектен тыс жануарлардың мазасын алмауға, шулайтын аппараттар қосуға. Жабайы жануарлардың мазасын алмау мақсатында жылдың барлық мезгілінде туристік-рекреациялық бағыттағы автожолдарға автокөлік қоюға болмайды. Туристік бағыттарды өту кезінде автомобиль сигналдарын беруге, шулауға тиым салынады.
  17. Ұлттық парк әкімшілігі жабайы аңдар, төлдеу және көшіп қону мезгілінде және ауа райы қолайсыздығына т.б. байланысты туристерге, туристік бағыттар бойынша саяхат жасауға шектеу қоя алады.