«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бірнеше айырмашылығы бар. Паркте саяхатшылық экологиялық бағыт түрінде дамуда. Сондай-ақ, паркке келген қонақтарды жол көрсетушілер белгіленген соқпақтармен аралатып, таныстырады. Саяхатшылық негізінен, танымдылық және экологиялық бағытта жүргізіледі, яғни жаппай рекреациялық емес. Сол себепті парк аумағы таза және рұқсатсыз ешкім кірмейтіндіктен, келген қонақтар өздерін жайла сезіне алады. Ұлттық паркте туристерге арналған инфрақұрылымдық кешендер бар. Атап айтқанда, қонақүйлер, саяхатшылық соқпақтар, сапалы көлік жолдары – осының бәрі келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету үшін жасалған. Сонымен қатар, «Алтынемел» ұлттық паркі еліміздегі шөлді аумақта орналасқан жалғыз парк болып саналады. Барлық жерлерде Іле жазығындағы көптеген ландшафтарды көруге болады. Олар: таулар, жазықтар, тоғайлар, сонымен қатар, қарақұйрық, құлан үйірлерін де көптеп көруге болады.

 

Қазіргі таңда ұлттық парк аумағында 3 – саяхатшылық соқпақ бар.

 

№1. Автокөлік-жаяу; Басши-Ошақтас-Тораңғы сайы-Ш.Уалиханов  бастауы-Айғайқұм.

 

№2. Автокөлік-жаяу; №1бекет-Таңбалы тас (тастағы суреттер)-Бесшатыр қорғаны.

 

№3. Автокөлік-жаяу; Басши-Қосбастау бекеті (700жылдық ағаш)- Қату және ақтау таулары.

 

Саяхатшылық соқпақтар жолында үлкен билбордтар, нұсқаушы тақтайшалар, бақылау алаңдары, демалыс орындары, көлік тұрықтары, дәретхана, қоқыс жәшіктері орнатылған. Келген қоанқтарды қабылдау үшін 50 орынға арналған 6 қонақ үй, 4 шатыр тігетін алаңқай, сондай-ақ, қонақ үйлерде ыстық тамақ әзірленеді. «Шыған» бекетінде ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық тағамдарымызды насихаттайтын –этноауылымыз ашылған. Қазіргі таңда Бесшатыр қорғандарына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізуліде. Бұл - болашақта қорғандарды сыртынан ғана көріп қана қоймай, ішіне кіріп, нағыз сақ қорғандарының қандай болғанын көруге улкен мүмкіндік болмақ. 

 

Бізге келетін саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін Алматы қаласында қосымша кеңсеміз жұмыс жасайды.