Б.д.д II ғасырда сақтарды үйсіндер ығыстырып, қазіргі парк аумағында әр түрлі кезеңдерді қамтитын тарихи ескерткіштер осылай пайда болған. Ең көне ескерткіш-темір ғасырына жататын - Бесшатыр қорғаны. Матай тауының етегінде орналасқан бұл қорғандар үлкенді-кішілі ораташа 31 қорғаннан құралған. Ең үлкен қорғандар- хандарды жерлеуге арналған, оның диаметрі -104 метр, биіктігі-18 метр. Орта қорғандар әскер басшылары және басқа да лауазымды тұлғаларға, ал кіші қорғандар қарапайым әскери адамдарға арналып салынған. Қорғандарды қазып, оларды зерттегенде әт түрлі бұйымдар табылған: ыдыс-аяқтар, қалқан, қылыш, қанжар және т.б.Зерттеу барысында қорғандар салуда олардың ішіне Тянь-Шань қарағайлары қолданылғандары белгілі болған, қорғанның жан-жағы биіктігі 2метр болатын тастармен қоршалған.
https://altynemel-np.kz/kz/sayakhatshyly/biregej-nysandary/besshatyr-or-any.html#sigFreeId7d54fd4d7f