«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 25 жыл!

«Алтын-Емел» МҰТП– і Қазақстан Республикасы Үкіметінің №416  Қаулысымен 1996 жылы 10 сәуірде құрылды. Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандарыҚапшағай қаласы аумақтарында орналасқан. Жалпы жер көлемі - 307 653 га. МҰТП-ға Жоғарғы - Көксу қаумалы бекітіліп берілген, жер көлемі  -  240 000 га.

2017 жылы парк ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары тізіміне енді, халықаралық биорезерват мәртебесіне ие.

2019 жылдың маусым айында парк  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың халықаралық ассоциациясының (International Association of Protected Areas) (IAPA) құрамына кірді. 

 

Қазіргі уақытта ұлттық парк аумағында келушілерге қызмет көрсету үшін 3 туристік маршрут бар.

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің көрікті жерлері бірі «Айғайқұм»  табиғи ескерткіші. Ақтау, Қатутау, «Бесшатыр» сақ қорғандары.

 

Парк аумағында сүтқоректілердің  70 түрі, құстардың 260 түрі.  Олардың 44 түрі Қызыл кітапқа енгізілген, оның ішінде сүтқоректілердің 11 түрі (құлан, арқар, қарақұйрық,) құстардың  28 түрі. 

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орналасқан жері: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылы, Маметова көшесі 2.