2019 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен басталған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы еліміздің барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында өтеді.
Экологиялық акция тұрғындарды Қазақстанның флорасы мен фаунасын сақтауға және экологиялық мәдениетінің дамуына септігін тигізеді.
#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі де өз үлесін қоспақ. Акцияға Басши ауылдық округінің тұрғындарын, белсенділері мен еріктілерін, табиғат жанашырларын және Басши ауылы мекемелерін қатысуға шақырамыз.
Жиналу орыны: «Алтынемел» МҰТП-ның орталық кеңсесі, 27.07.2019
жыл, сағат – 07:00-де
Тазалық орыны: «Алтынемел» МҰТП-нің аумағы Қапшағай су қоймасы,
Іле өзенінің жағалауы
Байланыс нөмірлері: 87783145231, 87078048149 Айдана Аубакірқызы.