Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі. Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ-нің күзет бөлімінің мамандары 2019 жылдың 25 қыркүйек күні "Райымбек Батыр атындағы" орта мектебіне "Орман өрт қауіпсіздігі" жəне "Қасақана аңшылықты алдын алу іс шаралары" "Табиғатты қорғау" туралы мектеп ұжымына жəне 9-11 сынып оқушыларына лекция жүргізді.