ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Алтын – Емел»  мемлекеттік ұлттық паркі жанында экотуризмді дамыту жөнінде қоғамдық кеңес құрмақ. Осыған орай барлық ниет білдірушілер, оның ішінде ғалымдар, сала сарапшылары, туристік қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен эко-белсенділер қоғамдық кеңестің құрамына ене алатынын алдынала хабарлаймыз.

 

Жаңадан құрылатын кеңес аталған жобаны қоғамдық мониторингілеуге қатысатын болады.

 

Барлық мүдделі тұлғаларға белгіленген формаға сәйкес, 2020 жылғы 14 қыркүйекке дейін электрондық поштаға жеке басы туралы мәліметтерді жолдауларын сұраймыз.

 

Айта кетейік, 2020 жылғы 3 қыркүйекте «Алтын-Емел» ұлттық паркі қарамағында экотуризмді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Ниет білдіруші азаматтар тұжырымдаманың толық нұсқасымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР ЭГТРМ Орман және жануарлар әлемі комитетінің және «Алтын-Емел» өзінің сайттарында таныса алады.

 

Аталған тұжырымдама туралы ұсыныстар мен ескертулер электрондық пошталары арқылы қабылданады.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.