2023 жылдың 16 – 17 ақпан аралығында «Алтын - Емел» МҰТП аумағында ҚР Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар қарақұйрық, құлан және арқарды санау жұмыстары жүргізілді. Санақ жұмыстарына ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы Н.Н.Қылышбаев пен төрағаның орынбасары Д.Ғ.Тұрғамбаев және Жетісу облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК,ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми академиясының зоология институты қызметкерлері қатысты.