Ағымдағы жылдың 20-23 маусым аралығында Алматы қаласында Экология министрлігінің Орман шаруашылығы комитеті және БҰҰДБ ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті. Бұл семинар-тренингке біздің еліміздің табиғи резерваттарынан, қорықтарынан және Ұлттық парктерінен 40-тан астам маман қатысты, онда басты назар БАҚ-пен өзара қарым-қатынас жасауға, әлеуметтік медианы пайдалануға және әлеуметтік желі аккаунттарын басқару дағдыларына аударылды. 22 маусымда Іле-Алатау МҰТП-і, Аюсай визит- орталығында тренингтің маңызды кезеңі өтті, онда мамандар тәжірибе жинау кезеңін өткізді.