«Алтын - Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңа визит – орталық ашылды
Ұлттық парктің аумағында орналасқан жаңа визит-орталық жанынан бақылау мұнарасы, кемпинг және қазақ-ауыл жұмысын сәтті бастады.
Визит – орталыққа келуші туристер ұлттық парктің бірегей, тарихи және мәдени нысандары туралы ақпарат ала алады және визит – орталықтың жанында орналасқан бақылау мұнарасынан Қызыл кітапқа енген құлан, қарақұйрық секілді жабайы жануарларды тамашалауға мүмкіндік алады.
Ескерте кетейік, 2021 жылы экологиялық туризмді дамыту бойынша конкурс өткізіліп, нәтижесінде «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің учаскелері әлеуетті инвесторларға берілді. Бұған дейін экологиялық туризмді дамыту бойынша осындай жоба Іле – Алатау, Шарын МҰТП-да жүзеге асырылған болатын.