Ағымдағы жылдың қазан айының 9-ы күні Қапшағай орманшылығына қарасты №1 телім мемлекеттік инспекторлары күз мезгіліндегі биотехникалық жұмыстарын жүргізуде.
Минералды қоспалары қосылған мал тұзын арнайы тұздықтарға салу жұмыстарын Серіктас кардонының мемлекеттік инспекторы Оңалбаев Мұхтар Мұсаханұлы атқарды.
Мал тұзының маңыздылығы – оны жеген жабайы жануар болсын, үй жануары болсын ішінде құрт және сүйел болмайды. Осылайша «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарлардың жай-күйін жақсарту жұмыстары белсене атқарылуда.
#алтынемелмемлекеттікұлттықтабиғипаркі #биотехникалықжұмыстар #малтұзыншашу