Тас сусары (лат. Martes foina) –сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң . Маусым-шілде және тамызда ұйығады. Күшіктері сәуірдің басында туады. Буаздылығы 9 айға дейін созылады. Ұяда 2-5, орташа 2.5 күшік болады. Екі айдай емізеді. Жас сусарлар ұяны шілденің екінші жартысында тастайды. Аталықтары жыныстық жағынан бір жылда, аналықтары – 15-16 айда жетіледі, бірақ кейбіреулері тек үш жылда ғана күшіктейді. Қорегінде тышқантәрізді кеміргіштер басым, десе де өсімдіктектес қоректер де маңызды роль атқарады. 1000 га жерде қоныстану тығыздығы 3-5 және одан көп болса, онда аңдардың 60%-ы отырықшы, 40%- «өткінші» болып табылады. Жауларына қасқыр, түлкі, барыс, сілеусін, сонымен қатар шопандардын иттері, ал жыртқыш құстардан үкі жатады. Қорегі бойынша бәсекелестері барлық жыртқыштар, сол сияқты жидектермен қоректенетін құстар болып табылады. Парктін барлық таулы аймақтарында кездеседі.
Ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімі.