Қазір біз «қар барысы» деп жүрген мысық тұқымдас жыртқыш сүтқоректіні бабаларымыз «ілбіс» деп те атаған. Түрік тілінен аударғанда «ирбиз» сөзі «қар мысығы» деген мағынаны білдіреді екен. Қар барысы атауы осыдан шықса керек.
Жаратылысы жұмбақ бұл аңның тіршілік ету салты да ерекше, көшпенділерге өте жақын. Бір жерде тұрақтап қалмауы, қорегінің мекеніне қарай белгілі бір аумақта көшіп-қонып жүруімен ерекшеленеді. Оның бойындағы ерекше қасиетінің бірі – бұратылып аштан өлгелі жатса да өлексеге ауыз салмайтыны.
Бейнеде «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында фототұзаққа қар барысы түскенін байқауға болады.