«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мекен ететін құландарды «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына көшіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №2 туристік маршрутты (№ 1 Бекет – «Тайғақ» шатқалы – «Теректі» шатқалы (Танбалытас петроглифтері) - кордон Жантоғай – «Бесшатыр» сақ қорғандары) 2024 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 1 қазан (қоса есептегенде) аралығында жабылып, маршрут бойындағы қозғалыс уақытша тоқтатылады. Қосымша ақпараттар хабарланатын болады.