🌏 Біз керемет жаңалықпен бөлісуге дайынбыз! «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде дәстүрге айналған құландардың сақталуы мен популяциясына арналған «Алтын-Емел - құландар мекені» атты фестиваль 30 қазанда Айғайқұм табиғи ескерткіші аумағында өтеді.

Іс-шара аясында қызықты бағдарлама күтеді:

🎻 Көңілді ән мен биден тұратын концерттік бағдарлама

🎥 Қатысушылардың парк аумағындағы құландарды табиғи ортасынан түсіруге мүмкіндігі

🏇 Қазақтың ұлттық ойындары «Алтыбақан», «Арқан тарту», «Қол күрестіру», «Гір тасын көтеру», марафонға қатысу

Ең бастысы, қатысушылардың құландардың табиғи ортадағы өмірін бақылауға мүмкіндік туады.