Ағымдағы жылдың 10,11,12 ақпан күндері Іле орманшылығында МҰТП-ң күзет және табиғи комплекстерді қалпына келтіру бөлім бастығы, туризм және экологиялық ағартушылық бөлімінің эко-ағартушысы, аға аң танушы маман, ғылыми, ақпараттық және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері мен Іле орманшылығының бастығының қатысуымен мемлекеттік инспекторларға арналған оқу-танымдық семинар өткізілді. Ол жерде қауіпсіздік ережелері, табиғат жылнамасы, биотехникалық іс-шаралар, әкімшілік құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың және өрттің алдын алу мен хаттамаларды толтыру мәселелері талқыланды.