Басши ауылы – 700 жылдық ағаш – Қатутау – Ақтау .
Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:
1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу, автомобильді;
2) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы;
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке;
Негізгі географиялық пункттердің атауы: 700 жылдық ағаш (Косбастау кордоны), Қатутау, Ақтау.
Қашықтығы 162 км, уақыт ұзақтығы аялдаманы ескере отырып, 6,5 сағат.
Соқпақтың (маршруттың) жұмыс істеу мерзімі: жыл бойы
Топтағы адамдардың ең көп саны: 1 топ 50 адам
Экскурсия топтарының айына жүктемесі: 500 топ
Соқпақтың (маршруттың) қысқаша сипаттамасы (сипаты):
Алматыдан 250 км жерде Басши ауылында «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орталық кеңсесі орналасқан. Ауылда 12 адамға арналған «Алтынемел» қонақ үйі, «Жетісу әлемі» атты келу орталығы (визит центр) орналасқан. Басши ауылынан Қосбастау кордонына 32 км ол жерде 700 ж ағашты көруге болады. 700 ж ағаштан 40 км жерде әртүрлі образдарды сомдайтын жұмбақ тау Қату тауы мен одан 20 км жерде Ақтау борлы тауын көруге болады. Осы келген бағытпен қайтадан кері Басши ауылына қайтады.
Соқпақ (маршрут) бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы.
Басши ауылы: Ауылында 2500 – ден аса адам қоныстанған, мұнда 2002 жылы салынған мешіт, саяхатшыларға арналған «Алтынемел» қонақ үй бар. МҰТП-ның орталық кеңсесі Басши ауылында орналасқан және өзімен бірге құрылысы мен кешенді әкімшілік ғимаратын ұсынады. Онда «Жетісу әлемі» атты келу орталығы (визит центр) бар. Келу орталығында Ақтау тауының 3D диорамалық және Айғайқұм табиғи ескерткіші мен Бесшатыр сақ қорғанының үлгілері ұсынылған.
Қату тауы.
Қату тау таулары – шынымен де жұмбақ болып келеді, ондағы сусыз терең шатқалдар мен жартасты таулар көрген адамның бойында ерекше әсер қалдырады. Мұнда сексеуіл өседі. Сондай-ақ парктің басқа шатқалдарында кездесетін тастағы таңбаларды кездестіруге болады.
Ақтау.
Ақтау тауынан табылған ертедегі жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарына қарап бұл тауды табиғаттың палеонтологиялық ескерткіші деуге болады. Жоңғар Алатауының оңтүстік сілемдерінде орналасқан. Шатқалдардың биіктігі 1000 м дейін жетеді, ал жалпы аумағы 50 кв/км құрайды. Ақтаудың ең негізгі ерекшелігі әртүрлі кезеңдердегі эоценнен бастап осы заманға дейінгі жануарлар қалдығының табылуы. Ең алғашқы сүйек қалдықтары бұл жерден 50 – ші жылдары табылған, ол сүйек қалдықтары әртүрлі кезеңге жатады. Табылған сүйектің бірі алып мүйізтұмсыққа ұқсайды. Ал төменгі қабаттан бұдан 40 – 45 млн. жыл бұрын мекен еткен орта немесе кейінгі эоцен кезеңіне жататын жануар табылған. Бұл сүйектер бұрын бұл жерде алып мүйізтұмсықтардың мекен еткенін айғақтайды. 1995 – 1997 жылдары Қазақстан мен америкалықтардың біріккен зерттеуі нәтижесінде бронтотерия алып мүйізтұмсығының қалдығы табылған.
700 жылдық ағаш.
Басши селосынан 32 км жерде Қосбастау кордонында 700 жылдық жасы бар делінетін ағаш өседі. Бұл ағаш халық арасында өте қасиетті деп саналады. Егер де оның жапырағын жұлып, бұтақтарын сындыратын болса, ондай адамды алдынан үлкен бақытсыздық күтеді екен. Аңыз бойынша бұл ағаштың аясында 12 ғасырда Шыңғыс хан аялдап демалған деседі.