Басши ауылы – Шыған кордоны-  Мыңбұлақ кордоны - «Ошақтас» қойтастары - тораңғы тоғайы - Шоқан Уәлиханов бұлағы – «Айғайқұм» табиғи ескерткіші

 

Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:

  • қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу, автокөлікпен;
  • қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы;
  • ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке;

 

Негізгі географиялық пункттердің атауы: Шыған кордоны, Мыңбұлақ кордоны, «Ошақтас» қойтастары,  тораңғы тоғайы, Шоқан Уәлиханов бұлағы, «Айғайқұм» табиғи ескерткіші.

 

Қашықтығы 100 км, аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы 3,5 сағат .

 

Соқпақтың (маршруттың) жұмыс істеу мерзімі: жыл бойы

 

Топтағы адамдардың ең көп саны: 1 топта 50 адам

Экскурсия топтарының айына жүктемесі: 550 топ

 

Соқпақтың (маршруттың) қысқаша сипаттамасы:

Алматыдан 250 км жерде Басши ауылында «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орталық кеңсесі орналасқан. Ауылда 12 адамға арналған «Алтынемел» қонақ үйі, «Жетісу әлемі» атты  келу орталығы (визит центр) орналасқан. Басши ауылынан  8 км жерде Шыған кордоны орналасқан, онда 9 адамға арналған «Шыған» қонақ үйі бар. Шыған кордонынан 30 км қашықтықта Мыңбұлақ кордоны орналасқан. Мыңбұлақ кордонында демалуға арналған отырғыштар мен шатыр тігуге арналған орындар және 6 адамға арналған қонақ үй бар. Мыңбұлақ кордонынан 2 км жерде  «Ошақтас» тас сөрелері орналасқан. Мыңбұлақ кордонынан 10,5 км қашықтықта Шоқан Уәлиханов бұлағы, осы бұлақтың маңында Тораңғы тоғайлары орын алған. Шоқан бұлағынан ары қарай 1,5 км жерде  «Айғайқұм» табиғи ескерткіші орналасқан. Осы келген бағытпен қайтадан кері Басши ауылына  қайтады.

Соқпақ (маршрут) бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы.

Басши ауылы: 2002 жылы  салынған көрікті мешіті бар, 2500 адам қоныстанған ауыл. Саяхатшыларға арналған 12 орынды «Алтынемел» қонақ үй бар.  МҰТП-ның  орталық кеңсесі Басши ауылында   орналасқан және өзімен бірге құрылысы мен кешенді әкімшілік ғимаратын ұсынады.  Онда «Жетісу әлемі» атты Көру орталығы (визит центр) және «Алтынемел» қонақ үйі бар.  Келу орталығында  Ақтау тауының 3D диорамалық және Айғайқұм табиғи ескерткіші мен Бесшатыр сақ қорғанының үлгілері ұсынылған.  

«Айғайқұм» табиғи ескерткіші: Көлемі 240 га болатын ландшафты табиғи ескерткіші Кіші және Үлкен Қалқан таулары арасында орналасқан. Ол оңтүстігінде биіктігі 150 м, солтүстігінде биіктігі 100 м болатын екі үлкен құм төбеден тұрады. Ал, теңіз деңгейінен биіктігі 600-650 м құрайды.  Жазда құмтөбеге жан біткендей  бірнеше шақырымнан ұшақтың гуіліне  ұқсас  күшті үздіксіз дыбыс шығады. Егер жел күшейсе, төбенің қыры құм ұшқынынан түтіндегендей болады. Міне, көп жылдардан бері, географ мамандары осындай тас  жердегі құмды төбенің шығу тегі туралы жұмбақтың шешімін таба алмай келеді. Біреулері бұл құм Іле өзенінен келген десе, басқалары оны жел өтінің таңқаларлық құбылысы дейді. 150 м биіктігі бар  құм төбе ауа райының құрғақ күндерінде шығаратын дыбысы ғалымдар үшін әлі жұмбақ болуда. Физиктер болса құм төбеден шыққан дыбысты қиыршық құм желдің  әсерінен бір-біріне үйкелісуінен және кристалдық электрленуден деп түсіндіруге тырысады. Профессор Мариковскийдің ойынша бұл үлкен құм төбенің астында тығыз дымқыл құм бар. Ол бұл  құбылысты скрипкадағы дыбыстың оның ағаш қабырғасына барып соғылып күшеюімен салыстырады.  Құмтөбе етегінен ұзын арқандарды көруге болады, ол сексеуіл мен жүзгіннін тамырлары. Сексеуіл бұталары арасынан қоян, түлкі және кесірткені кездестіруге болады.

Шоқан Уәлиханов бұлағы.  Құм төбенің дәл етегінде Іле өзенінің оң жағалауында, Үлкен және Кіші Қалқан таулары арасында Айғайқұмнан 1,5 км қашықтықта Шоқан Уәлиханов атымен аталған суы мөлдір таза бұлақ бар. Бұлақ айналасында тораңғы, сексеуіл, бөріқарақат және қамыс өседі.  Дәл осы жерге, Ресейден Қашғарияға сапарында 1856 жылы Ш.Уәлиханов демалуға аялдаған екен. Ол осы бір ғажап жер туралы жазбаларында қалдырған, кейінннен ол жер Ш.Уәлихановтың атымен аталған. Халық арасында оны емдік қасиеті бар, көптеген ауруларға ем болатын киелі су дейді. Осы бұлақтың қасында жапырағы әртүрлі болып келетін тораңғы  тоғайы өседі. Тораңғы ағашы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

«Ошақтас». Мыңбұлақ кардонына жақын маңда «Ошақтас» нысаны  орналасқан. Бұл тастардың биіктігі 2 м. Бұл жерде 1219 жылы Шыңғыс хан әскерлері аялдап, осы тастардың үстіне алып қазан қойып, тамақ пісірген тарихи жер. Шыңғыс ханның бұйрығы бойынша қойылған деген аңыз бар. Басқа жағынан алып қарағанда – аңыз ретінде бұл тастар жау келгенде белгі беретін мұнара деп аталады.

Мыңбұлақ. Мыңбұлақ жазығында көптеген өсімдіктердің түрін кездестіруге болады. Мұнда сексеуіл, жыңғыл, жапырағы әртүрлі тораңғы ағашы өседі. Әр  Жануарлардан құлан, қарақұйрық, кесірткелер мен балықтардың бірнеше түрін кездестіруге болады. Саяхатшылар тамашалау үшін қолдан жасалған көлде балықтар өсіріледі. Сонымен қатар демалу орындары үшін табиғат аясында тапшандар  жасалып, қойылған.