№ 1пост - Тайғақ шатқалы - «Таңбалытас» тастағы суреттері - «Бесшатыр» сақ қорғандары
Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:
1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу, автомобильді;
2) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы;
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке;
Негізгі географиялық пункттердің атауы: №1 пост, «Тайғақ» кордоны, «Теректі» шатқалы (Таңбалытас петроглифтері), Жантоғай кордоны, Бесшатыр сақ қорғандары.
Қашықтығы 104 км, уақыт ұзақтығы: аялдаманы ескере отырып 5 және 7 сағат аралығы
Соқпақтың (маршруттың) жұмыс істеу мерзімі: жыл бойы.
Топтағы адамдардың ең көп саны : 1 группа 50 адам.
Экскурсия топтарының айына жүктемесі: 500 топ
Соқпақтың (маршруттың) қысқаша сипаттамасы (сипаты).
Ұлттық парктің территориясы Алматыдан 130 км жерде, парк №1 постынан басталады. №1 посттан 7 км жерде Тайғақ кордоны және онда Тайғақ-1, Тайғақ-2 қонақ үйлері орналасқан. Шығыс бағытқа қарай 17 км ежелгі сақ тайпалары салған суреттер, аң стиліндегі петроглифтерді «Теректі» шатқалынан кездестіруге болады. Одан ары шығысқа қарай туристік маршрут Жантоғай кордоны арқылы өтеді. Мұнда қонақ үй орналасқан. Жантоғай кордонынан ары қарай «Бесшатыр» сақ қорғандарын көруге болады. Қорғандар №1 посттан 40 км қашықтықта орналасқан. Қайтар жол кері бағытта №1 постқа беттейді.
Соқпақ (маршрут) бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы.
«Тайғақ» кордоны. Шатқал аласа жоталардан басталып, сіздің алдыңызда бірнеше минуттардан кейін күлгін түстес таулы жартастар тұрады. «Тайғақ» кордонында туристердің көретін объектілері таулы-жартастар, тастағы суреттер, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді, тау шатқалдарында өсіп тұрған темір ағашын, сәуір айының басында «Қызыл кітапқа» енген Альберт жауқазынын ал құстардан кекілік, бүркіт т.б. кездестіруге болады. Биік тау шатқалдарынан тау текені, яғни ерте замандарда бері осы тауларды мекендеген тау ешкіні кездестіруге болады. Бұл жануарлар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. «Тайғақ» кордонында әрқайсысы 8 орынды сыйымдылығы 16 адамға арналған «Тайғақ-1», «Тайғақ-2» қонақ үйлері орналасқан. Ал кордоның ішіндегі серуендеу сізге ерекше әсер қалдырады. «Тайғақ» кордонындағы жартастардан ежелгі суретшілердің тасқа қашап салған суреттері яғни петроглифтерді кездестестіруге болады. Олардың ішінде ең танымал болған, тайпа таңбалары, тау ешкілер мен арқар суреттері және садақшылардың аң аулау кездері. Тастарда Африкада ғана сақталған антилопа-бейза, Жоңғар Алатауында және Іле Алатауында өмір сүретін марал, сондай-ақ тас бетінде адамдарың топтасқан суреттері кездеседі. Жол жиегі таулы жартастар өте әдемі табиғат көрінісі.
Танбалытас петроглифтері. Парк территориясындағы ежелгі ескерткіштердің ішіндегі ең қызықтысы «Теректі» шатқалы. Мұнда әртүрлі стильде салынған арқар, тау ешкі, бұғы, түйе, садақпен аң аулау, салт атты адам, ит, тау ешкіге мінген адам, қобызға ұқсас музыкалық инструменттер тағы басқа көптеген суреттерді көруге, тамашалауға болады. Ерте замандарда түйені, бұғыны көлік ретінде пайдаланғанын осы суреттерден аңғаруға болады.
Жантоғай кордоны. «Жантоғай» қонақ үйі- 5 адамға арналған. Қапшағай суқоймасының жағалауында орналасқан.
«Бесшатыр» сақ қорғандары.
Біздің эрамызға дейінгі VII-IV ғасырларда тиграхауд – сақтарының зират – қабырлары. Қорғандар шығыстан-батысқа 1 км, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 2 км жерді алып жатыр. Бұл жерден 31 қорған табылған, оның ішінде 10 – ы тастармен көмілсе, ал 21 – і топырақпен жабылған. Қорғандар үлкен, орташа, кіші болып үшке бөлінеді. Патшалар мен оның көмекшілерінің қорғандарының диаметрі 50 – 100 м, ру басылар мен әскерлердің қорғанының диаметрі 30 – 40 м, қатардағы жауынгерлер мен жай адамдардың қорғанының диаметрі 15 – 25 м құраған. Мұндағы ерекше үлкен қорған сақ патшасына арнап жасалған, үлкен патша қорғанының биіктігі – 17 м, диаметрі – 104 м құрайды. Айналасында 1,5 м биіктігі бар тас менгірлер патша рухын қорғау мақсатында орналасқан.