«Парктер шеруі-2020» экологиялық акциясы аясында кітаптар және суреттер көрмесі онлайн түрінде ұйымдастырылды.
Кітаптар көрмесіне 9 кітап ұсынылды.
-Алтын-Емел қорығы. Авторы Владислав Якушкин. Кітап үш тілде жазылған (қазақша, орысша, ағылшынша).Фотоальбом «Алтын-Емел» ұлттық парктің әсем табиғатына арналған. Мұнда көптеген жан-жануарлар мен өсімдіктердің суреттері берілген.Фотоальбом туған жерінің табиғатын сүйетін қауымға және ұлттық парк қонақтарына арналған.
-Атлас ключевых видов пустынь Казахстана. Авторлары Ковшарь В.А., Иващенко А.А. Атласта жоғары өсімдіктердің негізгі түрлері (54 түрі) және омыртқалы жануарлардың (бауырымен жорғалаушылар-3, құстар-44, аңдардың-25) түрі енгізілген. Негізгі болып саналатын сирек және жойылып бара жатқан аңдар,құстар, өсімдіктер Қызыл кітапқа тіркелген. Олардың әрқайсысы мақалада түрлі-түсті сыртқы түрінің тірі табиғатпен тығыз байланыста, әрі бір-біріне ұқсамайтындықтары жайлы терең түсінік берілген.
-Мемлекеттік инспекторлардың әдістемелік жиынтығы. Авторы «Алтын-Емел» МҰТП-ның күзет және ғылым бөлімі. Әдістемелік жиынтығы қазақ, орыс тілінде жазылған. Әдістемелік жиынтығы мемлекеттік инспекторлар үшін дайындалған, «Алтын-Емел» МҰТП туралы толық ақпараттар берілген.
-Шөл даланың сарыны. Авторы Кошарь В.А. Фотоальбом «Алтын-Емел» ұлттық паркінің әсем табиғатына арналған. Оғантаңғажайып орындардың, көптеген жануарлар мен өсімдіктердің суреттері кіргізілген және қысқаша анықтамалар жазылған.
-Определитель хищных птиц Казахстана. Авторлары А.Ф. Ковшарь, М.Н.Корелов, С.Л.Скляренко. Кітапта Қазақстанның жыртқыш құстарының барлық 40 түрінің анықтағыш таблицалары берілген. Жануарлар әлемін қорғаушы инспекторларға, аңшыларға, оқытушылар мен студенттерге арналған.
-Труды ГНПП «Алтын-Емел». Авторы Ковшарь В.А. Бұл жинақ МҰТП-нің құрылғанына 20- жылдығына арналған. Жинақта ұлттық парктің геологиясы мен палеонтологиясы жөнінде мақалалар, оның топырақ сипаттамасы, сондай-ақ парк аумағында белгіленген саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жәндіктердің балықтардың, қосмекенділердің, бауырмен жорғалаушылардың, құстар мен сүтқоректілердің аннотациялық тізімдері келтірілген.
-Жолнұсқасы. Авторы Қ.О. Баядилов. Бұл жолнұсқаулықта «Алтын-Емел» МҰТП-і туралы толық ақпарат жинақталған.
-Алтын - Эмель. Авторлары В.А.Ковшарь., Қ.О.Баядилов. Альбомда «Алтын-Емел» МҰТП-нің табиғаты, оның геоморфологиялық ерекшеліктері, өсімдіктер мен жануарларлар дүниесіне бай, археологиялық және этнографиялық ескерткіштері көрініс тапқан.
Сурет көрмесінде кәсіби суретке түсірушілердің 28 сурет жұмыстары қойылған. Суреттерде ұлттық парктің аумағындағы ландшафттар, жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген.