«Саябақтар шеруі-2019» дүниежүзілік табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында «Табиғатты аялайық, болашаққа сақтайық» атты ұранмен «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2019 жылдың 14 мамыр күні «Таза жағалау» экологиялық шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Қапшағай су қоймасының, Іле өзені жағалауының 80 - 126 км аралығы мен «Бесшатыр» сақ қорғандарының айналасын тазарту жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің экология және география факультетінің 1-2-3 курс студенттері мен оқытушылары және Талдықорған агротехникалық колледжінің экология және табиғатты қорғау мамандығының 2-3 курс студеттері мен оқытушылары, «Алтынемел» МҰТП мемлекеттік инспекторлары және «Тұран ТВ» ЖШС қызметкерлері қатысты.
Қатысушылардың жалпы саны – 118 адам.
https://altynemel-np.kz/kz/zhanaly-tar/163-taza-zha-alau-ekologiyaly-sharasy-tkizildi.html#sigFreeId2ca11d9083