«Саябақтар шеруі-2019» экологиялық акциясы аясында 2019 жылдың   11 маусым күні Кербұлақ ауданы мектептері арасында «Алтынемел» мемелекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық туризмінің дамуына, өсімдіктер және жануарлар дүниесіне бағытталған «Табиғат – ортақ үйіміз» атты аудандық экологиялық сайыс өткізілді.

 

«Табиғат – ортақ үйіміз» атты аудандық экологиялық сайысқа Кербұлақ ауданының 8-9-10 сынып оқушыларынан тұратын 6 мектеп қатысты.Сайыстың қорытындысы бойынша Басши ауылының орта мектебінің  «Алтын ұрпақ» тобы І орынды,  ІІ орынды Нұрым ауылының орта мектебінің «Экотурист» тобы, ІІІ орынды Сарыбұлақ ауылының орта мектебінің «Алтын бүркіт»тобы,  ІV орынды Сарыөзек ауылының орта мектебінің «Жерұйық 2» тобы иеленді. Жеңімпаздарға «Алтынемел» МҰТП және демеушілердің дайындаған сыйлықтары смартфондар, цифрлық фотоаппараттар, планшеттер, саяхатшылық сөмкелері ұсынылып, мадақтама қағаздарымен марапатталды.