2019 жылдың 13 маусым күні Алматы облысының орталығы  Талдықорған қаласы және облыс тұрғындарына Талдықорған қаласының «Агро-техникалық колледжі» студенттерімен, «Жетісу» телеарнасымен және "Алтынемел" МҰТП қызметкерлерімен бірлескен дүниежүзілік «Саябақтар шеруі»  экологиялық акциясының мақсатын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат шараларын жүргізумен «Саябақтар шеруі – 2019» экологиялық акциясы аяқталды.

Үгіт-насихат шаралары барысында тұрғындарға парақшалар, брошюралар таратылды. Сонымен бірге  Талдықорған қаласындағы  Арбатта Жетісу телеканалымен  және студенттермен бірлесіп  «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне саяхатқа арналған  сертификаттар  ойнатылды. Қала тұрғындарына сертификаттарды ұтып алу үшін табиғат қорғау тақырыбында сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға  «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне саяхатқа арналған сертификаттар табысталды.