2019 жылғы 27 шілдеде #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында «Алтынемел»мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Қапшағай су қоймасы, Іле өзенінің жағалауы, №2 туристік маршрут Бесшатыр сақ қорғандарының айналасы тазаланды.
Акцияға Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық испекциясы, ұлттық парк қызметкерлері, Басши ауылдық әкімі аппаратының, мәдениет үйінің, ауылдық аурухананың қызметкерлері, «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасының қызметкерлері, «Райымбек» батыр атындағы орта мектебінің және Нұрым орта мектебінің қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдерінен «Тұран» ТВ қызметкерлері қоқыстарды тазарту бойынша экологиялық сенбілікке белсене қатысты. Акцияға барлығы 70 адам қатысты, 50 га аумақ тазаланып, 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Акция соңында Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық испекциясымен бірлесіп белсене қатысқан табиғат жанашырларына алғыс хаттар табысталды.