29 шілдеде МҰТП-нің ғылыми бөлімі ұлттық парк Кеңсесінің қызметкерлеріне сирек кездесетін тұяқты жануарлар (арқар, құлан, қарақұйран) және сирек кездесетін құстар тақырыбына ғылыми семинар өткізді.
Териолог және орнитолог ғылыми қызметкерлері қатысушыларды сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен құстардың мониторингі нәтижелерімен (сандық динамикасы, аумақтық таралуы, тамақтануы,күйлеуі, төлдеуі, өлім-жітімі, көші-қоны, мінез-құлығы, табиғи және антропогендік факторлардың әсері) таныстырды.
Құланның, қарақұйрықтың, арқардың, сондай-ақ сирек кездесетін құстардың санын сақтау және қалпына келтіру бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.