МҰТП--ның арқар, құлан және қарақұйрық (а.ғ.қ. Ташибаев Е.) және сирек, жойылып бара жатқан құстарды (к.ғ.қ. Абаев А.) зерттеу бойынша далалық ғылыми шығулар орындалды.
Ұлттық парктің таулы, тау етегі, шөл және жайылма жерлері тексерілді. Құландардың жыныстық-жастық құрамын, кезеңділігін, күйлеудің орналасуы мен аяқталуына басты назар аударылды. Жазғы температураның жоғары болуына байланысты суаттардың жағдайы да тексерілді. Көшпелі кезеңдегі сирек кездесетін құстар популяциясының жағдайы бағаланды.