2019 жылы 28 қараша күні  "Алтын - Емел" ұлттық паркінде, шаруа, фермер қожалық басшыларына және  парк қызметкерлері үшін Ауыл шаруашылығын  экологияландыру, жайылымдарды тиімді пайдалану, энергияның баламалы көздерін енгізу, шаруашылықтарда инновациялық тәсілдерін ұйымдастыру бойынша оқыту семинары өтті. Оқыту семинарын өткізгендер ЖЭҚ ШГБ-ның  сарапшылары Г. Бектұрова- Жердің тозуы және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі тәуелсіз сарапшы, Д. Тен - «ҚазМИИС» шаруа қожалығының қауымдастығы, В. Ахтямов- "Азия Жүрегі" мәдениет және экологияны қолдау қорының президенті, Г. Құсайынов - жаңартылатын энергетика институтының маманы, Қ.О. Баядилов -МҰТП-нің бас директоры.