Ғылыми қызметті цифрландыру және компьютерлендіру аясында  «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің ғылыми бөлімі «Табиғат шежіресі» тақырыбы бойынша ғылыми мәліметтер автоматты түрде жинауды жалғастыруда.

 

2020 жылдың  наурыз айында «№ 2 бекет» және «Қосбастау» кордондарына  тағы екі автоматты метеостанциялар орнатылды. Метеостанциялар бірқатар метеорологиялық мәліметтерді, соның ішінде желдің режимін, жауын-шашынды және сыртқы ауа температурасын бақылайды.

 

Паркте  3- жұмыс істейтін  метеостанция бар, сонымен бірге осы  жылы 3-4 метеостанциялар  парктің әр түрлі табиғи аймақтарына орнатылады.