2020 жылдың 1 қазанында сағат 11: 00-де «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық туризмді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы Басши ауылда өтті. Іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е.Нысанбаев, туристік бірлестіктер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ниет білдірген жергілікті ауыл тұрғындары да қатысты. Қоғамдық кеңестің ережесі мен Кеңес мүшелерінің құрамы қаралды. Отырыстан кейін қатысушыларға "Алтын-Емел" МҰТП аумағымен таныстыру экскурсиясы өткізілді.