2021 жылдың 30 сәуірінде «Алтын-Емел» МҰТП қызметкерлеріне Кербұлақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, АҚ майоры Р.Тазабеков, аға инженер АҚ аға лейтенанты Н.Аскамбаев, аға инженер АҚ аға лейтенанты А.Нұрқанов өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Осыдан кейін төтенше жағдайлар өкілдері, Басшы ауылдық округінің ерікті өрт сөндірушілері және «Алтын-Емел» МҰТП қызметкерлерімен бірлесіп, табиғатта өртті сөндіру бойынша практикалық жаттығулар өткізілді.
https://altynemel-np.kz/kz/zhanaly-tar/535-rt-auipsizdigi-erezheleri-bojynsha-d-gelek-stel-tkizdi.html#sigFreeIde66d0354eb