№1 және №2  туристтік маршруттарда «Қоқыссыз өмір сүрейік» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Акция аясында Іле өзені мен Қапшағай су қоймасының маңындағы қоқысты тазарту жұмыстары жүргізілді. Акция еріктілер мен мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен өткізілді.