Фото және бейнежобалар байқауы

Jerim-ai

Табиғат шабыттандырады. Табиғат біріктіреді.

 

Qazaq Geography, Visit Sharyn және Visit Altyn Emel кәсіпқойлар мен әуесқойларды Jerim-ai фото және бейнежобалар байқауына қатысуға шақырады. Қазақстанның ұлттық саябақтарының табиғатынан шабыттанып, керемет сыйлықтар ұтыпалыңыз!

 

Байқауға 18 жасқа толған барлық Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика қонақтары қатыса алады.

 

Байқау жеңімпаздарын демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар күтуде. Сонымен қатар, жеңімпаздардың жұмыстары мен қатысушылардың үздік жұмыстары Алматы қаласында Дүниежүзілік қорықтар мен ұлттық парктер күніне орайластырылған көрмеге қойылады.

 

Байқаудың мақсаты – Шарын және Алтын-Емел ұлттық табиғи саябақтарына қызығушылықты арттыру, экотуризм мен ұлттық саябақтардың табиғатын сақтау идеясын насихаттау, фото және бейне өнерді дамыту, сонымен қатар шығармашылық сала өкілдерін қолдау.

 

Жұмыстар келесі номинациялар бойынша қабылданады:

  1. Пейзаж (табиғат объектілері, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдері, тарихи-мәдени нысандар, панорамалық көріністер, макрофотосурет);
  2. Ұлттық парктің флорасы мен фаунасы;
  3. Сюжет (уақыт пен кеңістікте түсірілген тарих, оқиға, портреттер немесе әрекет,);
  4. Түнгітүсірілім;
  1. Бейнетүсірілім;

 

Әр номинация бойынша бір жеңімпаз болады, сонымен қатар, көрермендердің таңдауы бойынша екі жеңімпаз анықталады.

 

Байқаукелесікезеңдердентұрады

1 кезең: жұмыстарды қабылдау – 2022 жылғы 7 қарашадан 27 қарашаға дейін

2-кезең:қазыларалқасыныңәр номинация бойыншаүздікжұмыстардытаңдауы

2022 жылғы 28 қарашадан 4 желтоқсанғадейін

 

3 кезең: 2022 жылғы 5 желтоқсан мен 11 желтоқсанаралығындаұйымдастырушыныңәлеуметтікжелілерінде онлайн дауыс беру

 

4-кезең:жеңімпаздардыжариялау – 2022 жылдың 15 желтоқсаны

 

Жұмыстарды іріктеуді ұйымдастырушылар өкілдерінен, ұлттық паркқызметкерлерінен, саяхатшылардан, фотографтардан, бейне операторлардан және блогерлерден тұратын құзыретті қазылар алқасы жүргізеді.

 

Бағалы сыйлықтар

 

“Пейзаж” номинациясы бойынша

 

Rixos Khadisha Shymkentқонақ үйінде екі адамға бір күнге тегін бөлмелер. Демеушісі – Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйі.

 

“Флора и фауна” номинациясы бойынша

 

Іле-Алатау ұлттық паркінде бір күндік кабинада тұру мүмкіндігі және Аюсай келушілер орталығында екі адамға арналған кешкі ас.

Сыйлықтыңдемеушісі – «Тау-Тас» және «Аюсай» Визиторорталығы.

 

“Сюжет” номинациясы бойынша

Esentai Fit+Spa премиум фитнес клубына үш ай мерзімге тегін абонемент. Сыйлықтың демеушісі - Esentai Fit+Spa.

 

“Түнгі түсірілім” номинациясы бойынша

 

Таңғажайып Rixos Turkistan қонақ үйінде  екі адамға бір күн тегін бөлме және сиқырлы Түркістанға экскурсия.

Сыйлықтыңдемеушілері – RixosTurkistanқонақүйі мен VisitTurkistan.

 

“Видео” бейнетүсірілім номинациясы бойынша

 

Esentai Fit+Spa премиум фитнес клубына үш ай мерзімге тегін абонемент. Сыйлықтыңдемеушісі - EsentaiFit+Spa.

 

Көрермендердіңтаңдауыбойынша

 

Жаяу және физикалық белсенділіктен кейін денені қалпына келтіруге арналған жиынтық және SPF-күртеше.

Сыйлықдемеушісі: LULU

 

Көрермендердің таңдауы бойынша

 

Портфолиоңызды фотографтарға арналған мамандандырылған нарықта бір жыл мерзімге тегін жариялау

Сыйлықдемеушісі: CaptureSchool

 

Байқаудың толық шарттарын және жасалған жұмыстарға қойылатын талаптар бойынша ақпаратты @visit.sharyn и @visit.altynemeltaplink аккаунттарында Jerim-ai байқауының ережесінен көре аласыздар

 

Байқау барасын қадағалау үшін және ең үздік қатысушардың жұмыстарын көргіңіз келсе жоғарыдағы аккаунттарға тіркеліңіз!

 

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!