”Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде кезекті биотехникалық іс-шаралар және бақылау жұмыстары жүргізілуде. Жабайы жануарлар жиналатын, кездесетін аумақтарда арнайы қоректендіру алаңдары құрылған. Іс-шаралардың басты мақсаты парк аумағындағы жабайы аң-құс, жануарлардың санын тұрақтандыру болып табылады. Аталған жұмыстар алдағы уақыттарда да жүргізіледі.