«АЛТЫН-ЕМЕЛ» МҰТП ОРНИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРИОЛОГИЯ БОЙЫНША ҚЫСҚЫ ҒЫЛЫМИ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ
Қыс - жабайы жануарлар өміріндегі ең қиын кезең, өйткені қалың қар жамылғысы, төмен температура, суық жел жануарлардың өмір сүру жағдайларын өзгертуге және оларға бейімделуге мәжбүр етеді.Ағымдағы жылдың ақпан айындаҰлттық парктің құстары мен сүтқоректілерінің қыс айларындағы жағдайын зерттеу мақсатында МҰТП –ң ғылыми қызметкерлері орнитолог пен териолог далалық зеррттеу жұмыстарын жүргізді. Алысқа қоныс аударғанға бейім емес қырғауылдар Іле өзенінің алқаптары мен жайылмасында қыстауда.Ұлттық парктің барлық көлдері қатты мұзбен жабылған, суда жүзетін құстар қатты аяздан бұрын көлдерді тастап кеткен, өткен жылы қыс жылы болғанымен, қатқан мұздардың арасында қалың қамыстар болды және олардың жанында кейбір құстар (аққулар, үйректер) қыстаған.Балықтармен қоректену мүмкіндігінің аздығынан аққұйрықты су бүркіті көлді тастап кеткен.Қарабауыр және қылқұйрықты буылдырықтар да далалық зерттеу жұмыстарының барысында кездеспеді.Құстардың ішіндегі ең белсенді жыртқышы – бүркіт қыстап қалған. Біз оның жазықта ұшқанын бірнеше рет байқап, далалық зерттеу күнделігімізге жазып алдық. Арасында бүркіттің ересек қарақұйрықтарға шабуыл жасаған жағдайлары болып тұрады.Лашындар мен құмайлар да парк аумағында қыстайды, бұл құстар тау етегіне, өлексе мекендеріне жақынырақ шоғырланған.Соңғы 2-3 жылда қуаңшылықтың салдарынан жыртқыш құстардың, түлкілердің, қасқырлардың маңызды қорегі құмтышқандар іс жүзінде жойылып кетті, шұңқырлар тұрғын емес болды, алайда ағымдағы зерттеу барысында ішінара тұрғын шұңқырлар байқалды, яғни жаңбырлы жылдардың арқасында құмтышқандар қалпына келе бастады.Қарақұйрықтар мен құландар қыста ұлттық парктің тау етегіндегі бөлігінде, қар аз түсетін және өсімдіктері мол аумақтарында шоғырланған. Сондай-ақ, жұмыс барысында тұяқты жануарлардың – Пржевальский жылқысы, қарақұйрық және құландардың экскременттері жиналды, ҚР Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының паразитологиялық зерттеулерінен кейін осы жануарлардың паразиттік түрлері анықталатын болады.
https://altynemel-np.kz/kz/zhanaly-tar/615-altyn-emel-m-tp-ornitologiya-zh-ne-teriologiya-bojynsha-ys-y-ylymi-dala-zh-mystary.html#sigFreeId01df6a27d0