2023 жылдың 15-і ақпан күні “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орталық кеңсесінде Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және ҚР Білім және ғылым министірлігі Ұлттық ғылым академиясының зоология институты, “Охотзоопром”ӨБ” РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен Ұлттық парк аумағында мекен ететін, Қызыл кітапқа енген арқар, құлан және қарақұйрықтарды санау жұмыстарына арналған нұсқаулықпен және техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру жиыны өтті.