2023 жылдың ақпанында «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне Ұлыбританияның Marwell wildlife табиғатты қорғау ұйымының жабайы табиғатты қорғау жөніндегі директоры, Саутгемпт университетінің профессоры, доктор Филипп Риордан келді.

Оның сапарының мақсаты Орталық Азия аймағындағы сирек кездесетін жануарлардың ең үлкен популяцияларының өмір сүруін қамтамасыз ететін Ұлттық парктің бірегей ландшафттарымен таныстыру болды.

Сапар халықаралық табиғатты қорғау одағы бағдарламасының "SOS Орталық Азия" қарақұйрықты сақтау жөніндегі жобасын аяқтауға орайластырылды.