Құлан саны мен таралу аймағы шектеулі түр ретінде «Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан» түрлер санатына жатады, Қазақстанның Қызыл кітабында «II санат», Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабында мәртебесі бар. 

Сирек кездесетін жоғалу қаупі бар бұл жануарды сақтап қалу мақсатында атқарылған жұмыстардың жетістігі ретінде бүгінгі таңда ұйымдастырылып отырған «Алтын - Емел - құландар мекені» атты фестиваль ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің мақсаты жойылу қаупі бар жануарларды сақтап қалудың маңыздылығын көрсету. Табиғаттымызды қорғау, экологиялық проблемалардың алдын алу, жабайы жануарларды қорғау жұмыстарын насихаттау болып табылады. 

Аталған іс – шара барысында қонақтар Altynemel визит – орталығында ақпараттар алып, бақылау мұнарасына көтеріліп құландарды тамашалады. Келушілердің бір мезгілде осынша құланның бір жерде жайылуын тамашалауы өте үлкен әсер қалдырды. 

«Құрманғазы» атындағы қазақ ұлттық  оркестрі концерті жабайы табиғат аясында ұлттық аспаптардың әсерлі әуенімен жалғасты және қазақ ұлттық ойындар түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылып жеңімпаздар марапатталды.

Қонақтар мен осы іс – шараға куә болған барлық келушілердің құлан ғана емес барлық жабайы жануарлар мен жабайы табиғатты сақтап қалудың қаншалықты маңызды екендігін түсіне алды деген үміттеміз.

Сонымен қатар, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосқаны үшін «Асемтал» ЖШС-і, Жетісу туристік ақпараттық орталығы қызметкерлеріне және қатысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!