Кәдімгі түлкі немесе жирен түлкі деп те аталады (лат. Vulpes vulpes). Жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң түрі. Түлкі жыртқыш жануарлардың ішіндегі әсем жыртқыш.Түлкінің аналығы мен аталығы жұптасу кезеңінен бастап бірге ұя дайындап, күшіктерін өсіруге бір- біріне көмектеседі.Түлкі іздерін шатастыра білу қабілеті үшін ең қу жыртқыш аң атағына ие болған. Түлкінің тағы бір ерекшелігі 40- тан астам әр түрлі дыбыстар шығара алады.