«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қызыл кітапқа енген аң-құстарды сақтап қалу мақсатында халықаралық қар барысы күніне БҰҰДБ –ң демеушілігімен ұйымдастырылған «Қар барысын бірге сақтайық!» атты көркем сурет байқауының нәтижесі бойынша балалардың суреттері бағаланып, орта мектеп оқушылары мен жетекшілік еткен ұстаздар марапатталды.

Аталған і-шараға белсенді қатысқан Басши, Нұрым, Аралтөбе орта мектеп оқушылары мен ұстаздар ұжымына алғыс білдіреміз!