«Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, күзет бөлімі және экологиялық ағарту және туризм бөлімдерінің қатысуымен, ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен рейдтік іс-шара жүргізілді.

Аталған іс-шара барысында, туристік маршруттар мен соқпақтарда олардың тұтастығы мен сақталуын сақтау үшін туристік маршрут бойынша бақылау жұмыстары, санитарлық жағдайы және өрт қауіпті кезеңіне байланысты өрт сөндіру қалқандарының сапасын бақылау жұмыстары жүргізілді.