"Алтын-Емел"  МҰТП барлықтарыңызды Халықаралық  Жер күнімен құттықтайды.


ТЖ  режимін жүргізуге байланысты,  паркте жаппай іс-шаралар жүргізілмейді. Алайда, "Өз ағашыңды отырғыз" акциясына ұлттық парк қызметкерлері қатысып, бірнеше ағашты өз үйлерінде отырғызды. Акцияға 20 адам қатысты, барлығы 70 көшет, оның ішінде 20 қарағаш, 30 терек, 10 алма, 10 шырша отырғызылды.