Жаңалықтар
Ұлттық парк қызметкерлері Ұзынбұлақ тау шатқалына орнатқан фототұзаққа екі тас сусары түсті. Бұл сусары ҚР Қызыл кітабына енгізілге, сирек кездеседі, мемлекеттік инспекторлардың сауалнамалық мәліметтері бойынша паркте 16 тас сусары мекендейді. Алдағы уақытта парк мамандары қар барысын, Тянь-Шань қоңыр аюын, Түркістан сілеусінін және басқа да сирек кездесетін жануарларды фототұзаққа түсіруге үмітті.
27 қыркүйек «Дүниежүзілік туризм күніне» орай «Zhetysu Travel Awards - 2019» марапаттау рәсімінде Алматы облысы әкімі орынбасарының және Алматы облыстық туризм басқармасының марапатымен «Алтын-Емел» МҰТП-і қызметкерлері: Д.Тұрғамбаев, С.Сейсенбаев. Б.Қожағұлов, Ж.Несіпбай, Ә.Молдахметов, Д.Дәуренбеков марапатталды. Марапаттарыңызбен құттықтаймыз, құрметті әріптестер!
Бүгін «Nur Otan» партиясының Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы мен Басши ауылдық округінің әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекмұрза Тоқтарбек Елеусізұлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» Жолдауын талқылау мақсатында ұлттық парк қызметкерлерімен кездесу өткізді.
«Алтын-Емел» МҰТП-нің күзет және ғылыми бөлімінің қызметкерлері бірігіп Ұзынбұлақ шатқалына Тянь-Шань қоңыр аюын бақылау мақсатында фототұзақтар орнатуда.
2019 жылдың 3 қазан күні «Алтын-Емел» МҰТП –тің мемлекеттік қызметкерлері мен Кербұлақ ауданы, Басши ауылдық округінде орналасқан «Райымбек батыр»атындағы орта мектебі, «Нұрым» орта мектебі, «Аралтөбе» орта мектебі оқушылары және «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері, ұзтаздары бірлескен түрде 3 қазан Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күніне арналған «Эко Сағат» ауқымды ақциясын өткізді.
Акция аясында, мектептерде экологиялық сабақтар өткізіліп, видеороликтер көрсетілді. Экологиялық сабақтардан кейін әрбір мектеп ауласына 20 қайыңнан және 20 теректен ағаш көшеттері егілді. Барлық қатысушылар саны 424, көшет материалдарының саны 140.
2019-2025 жылдарға арналған ҚР туристік саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ұлттық парктегі демалушылардың санын ұлғайту мен оң имиджді қалыптастыру мақсатында Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26-27 қыркүйек күндері «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туризм индустриясы мен БАҚ өкілдеріне және блогерлерге арнайы ақпараттық тур өткізілді.