Жаңалықтар

«Саябақтар шеруі-2019» экологиялық акциясы аясында 2019 жылдың   11 маусым күні Кербұлақ ауданы мектептері арасында «Алтынемел» мемелекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық туризмінің дамуына, өсімдіктер және жануарлар дүниесіне бағытталған «Табиғат – ортақ үйіміз» атты аудандық экологиялық сайыс өткізілді.

«Саябақтар шеруі-2019» дүниежүзілік табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында  «Табиғатты аялайық, болашаққа сақтайық» атты ұранмен «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде  2019 жылдың  14 мамыр күні «Таза жағалау» экологиялық шарасы өткізілді. 

«Саябақтар шеруі -2019» табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында 2019 жылдың 21-22 мамыр күндері «Халықаралық биологиялық алуан түрлілік» күніне орай (22 мамыр дүниежінде атап өтілетін) «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде  «Айғайқұм» табиғи ескерткішінен Шарын шатқалына дейінгі аралықта «Айғайқұм-Каньон» 250 км қашықтықта ультраэкомарафон өткізілді. Экомарафонға жалпы 85 адам қатысты, оның ішінде20-сы марафоншылар.